Мақаланың түйінін дайындау бойынша ұсыныстар

Мақаланың түйінін дайындау бойынша ұсыныстар

Мерзімді басылымдардағы түйін (реферат) мақаланың мазмұны және мақалада баяндалған зерттеу нәтижелері туралы ақпарат көздері болып табылады.

Түйін (реферат) мына қызметтерді атқарады:

  • Құжаттың негізгі мазмұнын белгілеуге, оның сәйкестігін анықтап, құжаттың толық мәтініне назар аудару керек пе, соны шешу;
  • Құжат туралы ақпаратты ұсынады, егер де оқырманды ұсынылған құжат қызықтырмаса, құжаттың толық мәтінін оқу қажеттілігі жойылады;
  • Құжаттар мен ақпараттарды іздеуге арналған ақпараттық, сондай-ақ автоматтандырылған жүйелерде қолданылады.

 

Мақаланың түйіні (реферат) төмендегідей болу керек:

  • Ақпараттылығы (жалпы сөздердің болмауы);
  • өзіндік;
  • мазмұнды (мақаланың негізгі мазмұны мен зерттеу нәтижелерінің көрсетілуі);
  • құрылымды (мақаладағы нәтижелерді сипаттаудың қисыны бойынша);
  • тұтас (120дан 250 сөзге дейін көлемде орналастыру).

Түйінге (реферат) мақала мазмұнының мына аспектілері кіреді:

  • жұмыстың тақырыбы, мақсаты;
  • жұмысты жүргізудің әдістері мен әдіснамасы;
  • жұмыстың нәтижелері;
  • нәтижелерді қолдану аясы,
  • қорытындылар

Мақаланың мазмұнын баяндауды жұмыстың нәтижелері мен қорытындыларынан бастауға болады.

Жұмыстың тақырыбы, мәні мен мақсаты, сондай-ақ мақаланың басты тақырыбы атап көрсетіледі.

Аталған жұмысты жаңашыл немесе қызықты көрсеткен жағдайда, сонда  ғана жұмысты жүргізудің әдісі мен әдіснамасы мақсатқа сәйкес сипатталады. Тәжірибе жұмыстарын сипаттайтын құжаттардағы рефераттарда дерек көздері және олардың өңделу сипаты атап көрсетіледі.

Жұмыстың нәтижелері нақты және толық жеткізілген ақпаратты қамтиды. Заңмен және өзара байданыс табылған негізгі теориялық тәжірибелер, дәлел-дәйектер жүргізіледі. Сонымен қатар бар теорияны жоққа шығаратын жаңа нәтижелерге, маңызды жаңалықтарға, сондай-ақ автордың пікірінше практикалық маңызы бар деректерге құрмет білдіріледі.

Қорытындылар мақалада сипатталған ұсыныстар, бағалар, гипотезалармен қатар жүреді.  

Мақаланың басты тақырыбындағы мәліметтер түйін (реферат) мәтінінде қайталанбауы тиіс. Артық тіркестер қойылмауды қадағалау (мысалы, «мақаланың авторы ... қарастыруда».

Егер тарихи анықтамалар құжаттың негізгі мазмұнын құрамаса, түйіндегі бұрын жарияланған жұмыстар мен жалпыға мәлім ережелер сипаты жүргізілмейді.

Түйін мәтінінде ғылыми және техникалық құжаттар тіліне тән синтаксистік сөз тіркестерін қолданып, күрделі грамматикалық сөз тіркестерін болдырмау.

Түйін мәтінінде мақаланың мәтінінен алынған мағыналы сөздерді қолданған жөн.