Мақаланы рецензиялау тәртібі

Журналға түсетін қолжазбалар материал жарияланатын ғылымдар саласына тиісті ғылымдар докторының пікірі (мақаланы қоспағанда жеке немесе бірінші автор ғылымдары докторы болып табылатын) болуы керек, сондай-ақ доктор-рецензенттер редакциялық кеңестің мүшелері бола алмайды.

Рецензиялау құпия түрде жүргізіледі; рецензияланатын жұмыстың авторына рецензия мәтінмен танысуға мүмкіндік беріледі.

Жағымсыз пікір берілген жағдайда редакциялық кеңестің шешімімен қолжазба қайта рецензиялануға жіберілуі мүмкін. Қолжазба қабылдаудан өтпесе, редакциялық кеңестің хатшысы авторға қабылдаудан бас тартудың себебін түсіндіреді немесе рецензияның көшірмесін жібереді. Авторға рецензенттің фамилиясы рецензент келісімін берген жағдайда ғана хабарлануы мүмкін.

Редакциялық кеңес жарияланатын қолжазба авторының пікірімен бөліспеген жағдайда, ол бұл туралы ескерту жасауға құқылы.

Рецензенттің қолы қойылған рецензияның түпнұсқалары (немесе олардың түйіндемелері) рецензияланатын материалдарың журналға орналастыру күнінен бастап бір жыл бойы сақталуы тиіс.

Редакцияның рецензияланатын нәтижелері бойынша келесі шешімдердің біреуі қабылданады:

-         мақаланы басылымға шығаруға қабылдау;

-          мақаланы автордың өңделуінен кейін  басылымға шығаруға қабылдау;

-         басылымға шығаруға қабылдамау.