Журналдың саясаты

Журналдың саясаты

"3i: intellect, idea, innovation - интеллект, идея, инновация"атты көпсалалы ғылыми журналының саясаты – Қазақстанның, алыс және жақын шет елдерінің гуманитарлық-әлеуметтік, ветеринариялық, ауыл шаруашылық, экономика, заң, жаратылыстану және техникалық бағыттары бойынша ғалымдарының ғылыми білімдерін, зерттеу нәтижелерін тарату.

Көпсалалы ғылыми журнал докторанттар, магистранттар мен ғылыми дәреже ізденушілерінің ғылыми зерттеулер нәтижелерін жарыққа шығару, сондай-ақ ғылыми зерттеулерімен және зерттеу тәжірибелерімен алмасуы үшін жасалып, ғылыми ақпаратты тарату, ғылымға жаңа зерттеушілерді тарту қызметін атқарады, журналдың мәселелі айдарлары теория және практиканың өзекті мәселелері бойынша талқылауға бастамшылық етеді.

Журналдың ұйымдастырушысы жоғары оқу орны болып табылады, сондықтан басылым ұжымының алдында ғылыми қызметті қоғамдық мәртебені көтеру, ғылым мен білім арасындағы байланысты нығайту міндеттері тұр.

Журнал басылымы жоғары оқу орнының ҚР және шет елдердің басқа да жоғары оқу орындарымен және ғылыми мекемелерімен шығармашылық байланысты дамытуға көмектеседі. Редакция ұжымының құрамына отандық ғалымдардың өзара қарым-қатынасының ақпараттық кеңістігін кеңейтетін Ресей Федерациясы, Белорусь Республикасы, Италия, Түркия, және басқа да шет елдердің атақты ғалымдары кіреді.

Басылым тілі – қазақ, орыс, ағылшын. Басылымның мерзімділігі – бір жылда төрт рет.

Журнал ISSN (ЮНЕСКО, Франция, Париж қ) сериялық басылымдарын тіркеу жөніндегі Халықаралық орталығында тіркелді.

"3i: intellect, idea, innovation - интеллект, идея, инновация" журналы кең ғылыми қоғамға, жоғары оқу орындары оқытушыларына, магистранттарына, студенттеріне, білім және мәдениет қайраткерлеріне арналған.